Қазақстандық 3 бұрымды ауыр атлет жарысына қатысу құқығынан айырылды

10.05.2017 16:59

Қазақстандық 3 ауыр атлет жарысқа қатысу құқығынан айырылды. Мұндай үкімді, допинг-сынамасынан тыйым салынған препараттар табылғандықтан, халықаралық ауыр атлетика федерациясы шығарды. Бұл туралы Қазақстан ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. Тәртіптік комиссияның шешіміне сәйкес, Майя Манеза мен Зульфия Чиншанло 2 жылға, ал Светлана Подобедова 8 жыл бойы жарыстарға қатыса алмайды. Спортшыларды бәсекеден шеттету мерзімі олардың Лондон Олимпиадасында алынған сынамаларын қайта тексеру нәтижесінде яғни, допинг табылған 2016 жылдың 26 мамырынан бастап күшіне енеді. Алайда, Қазақстандық ауыр атлет Зульфия Чиншанло 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада қатыса алады. Спортшының дисквалификация мерзімі 2018 жылдың мамыр айында аяқталады. Қазақстан ауыр атлетика федерациясы атлеттердің Олимпиадада алған жүлдесінен, басқа жарыстарда жеткен жетістіктері мен наградаларынан айырылмайтынын хабарлады.