Астаналықтар 1 маусымнан бастап жаңа жұмыс кестесіне ауысады

10.05.2017 17:16

Астаналықтар 1 маусымнан бастап жаңа жұмыс кестесіне ауысады. Бұл туралы жолаушылар басқармасының басшысы Бекмырза Егенбердинов мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл жұмыс графигі Экспо көрмесі өткеннен кейін де сақталады. Еске салсақ, Астана әкімі Әсет Исекешев бұған дейін елордалықтардың жұмыс жоспарымен таныстырған болатын. Сөзінше, мектептердегі сабақтың басталу уақыты сол күйінде, яғни сағат 8 болып қала бермек. Ал министрлік пен өзге де орталық мемлекеттік мекемелер 8,30-да басталады. Жоғары оқу орындары мен халыққа қызмет көрсету орталықтары, банк қызметкерлері жұмыс уақыты таңғы  10-ға ауыстырылмақ. Сондай-ақ бұл үрдіс Алматы қаласына да енгізілуі мүмкін.