Қазақстандық палуан рекордтар кітабына енді

30.05.2017 16:40

Қазақстандық палуан рекордтар кітабына енді. Ақмола облысындағы Қажымұқан ауылында әлемдік дәрежеде күш сынасып жүрген Сергей Цырульников денсаулыққа өте қауіпті экстрималды әдіс жасап, рекорд орнатты. Ол тарпып тұрған төрт жылқыны 11,7 секунд тырп етпестен ұстап тұрған. Бұл әдісті орындау үшін ол 8 ай бойы дайындалған екен. Енді қазақстандық тарап бұл жетістікті Гинес рекордтар кітабына енгізу үшін өтініш түсірмек.