Қазақстандық шенеунік Назаралы Жақсылық қайтыс болды

27.11.2017 22:17

Астанада Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары Назаралы Жақсылық қайтыс болды. Парламент тыңдалымына қатыспақ болған комитет өкілі Мәжіліс фойесінде өзін аяқасты нашар сезінген. Жедел жәрдем тез жеткенімен, ол ауруханаға барар жолда көз жұмды. Назаралы Жақсылық 1964 жылы 23 қыркүйекте  қазіргі Түркменстан Республикасында дүниеге келген. 1987 жылы таулы инженер геолог мамандығын бітіріп, еңбекке сол жылы етене кіріскен. Қызметін геолог маманы ретінде бастаған ол көп жылдар бойы бас маман, бөлім, басқарма басшысының орынбасары болған. Ал аталған комитет төрағасының орынбасары болып 2017 жылдың 21 тамызында тағайындалған еді. Назаралы Жақсылық бар болғаны 53 жаста еді.