«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына 2 212 кандидат тіркелген. Қатысушылардан өтініш 7 маусымнан 15 қыркүйекке дейін қабылданған болатын. Қазір оларды іріктеу жұмыстары жүргізілуде, бұл алдағы уақытта жан-жақты талқыға түседі. Айта кесек, «100 жаңа есімге» білімімен және қоғамға сіңірген еңбегімен, ерекше қасиеттерімен дараланған азаматтар таңдалады.
«Сонымен қатар, қатысушыларды іріктеуден бөлек, олардың табыстарының тарихын ақпарат құралдарында жан-жақты көрсете білу де аса маңызды. Сонда ғана бұл шара тәрбиелік әрі идеологиялық тұрғыда өз жемісін бермек. Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен Қазақстан халқы Ассамбелясы бұл бағытты іске асыру бойынша да жүйелі шараларды қолға алуда. Атап айтқанда, «100 жаңа есім» атануға үміткер азаматтар туралы деректі фильмдер циклі түсірілуде», - деді Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен АБАЕВ.