Алматыда Орталық Азиядағы ең ірі кәсіби веложарыстың командалары таныстырылды

30.09.2017 02:49

Алматыда Орталық Азиядағы ең ірі кәсіби веложарыстың 20 командасы дүйім жұртқа таныстырылды. Ал шабандоздар жарыс жолына шыққалы отыр. Олардың қатарында Қазақстанның үш командасы бар. Сондай-ақ алпауыт мемлекеттерден атап айтқанда Франция, Италия, Германия мен Ұлыбритания және АҚШ-тан спортшылар арнайы келген. Айтулы шара «Eurosport» телеарнасы арқылы тікелей эфирден көрсетілетін болады. Оны әлемнің 47 елінде 50 млн адамнан асатын аудитория тамашалайды. 

Халықаралық кәсіби веложарыс Алматыда осымен бесінші рет өткелі отыр. Ол ертең басталады. Есте болса, биыл «Алматы туры» шосседегі көпкүндік жарыс деген жаңа статус ие болып, екі күнге созылады. Сондай-ақ биыл велотур жаңа форматта өтеді. Енді алматылықтар дәстүрлі қалалық айналымды ғана емес, таулы жердегі доданың куәсі болуға мүмкіндігі бар. 160 шақырымнан кейін жоғарыға көтерілу аса қиын болады деп отыр сарапшылар. Осыдан болар бас-аяғы 17 елден 20 команда жарысқа қатысады. Бәсеке тартысты өтейін деп тұр. Ал бізден елдің абыройын 3 команда қорғайды. Қазақстаннан «Astana pro team» мен «Vino Astana Motors» және «Kazakhstan national team» деп аталатын үш ұжым қатысады.