Қазақтаннан шыққан тұңғыш спорт комментаторы кәсіпкерлердің қолдауына зәру

26.01.2017 14:35

Қазақтаннан шыққан тұңғыш спорт комментаторы Сұлтанғали Қаратаев кәсіпкерлердің қолдауына зәру. Бүгінде спорт журналисінің бес бірдей кітабы жарық көрмей шаң басып жатқан көрінеді. Сексеннің сеңгіріне келген ақсақалмен әріптесім Нұрсейіт Жылқышыбай тілдесіп қайтқан еді.

Сұлтанғали Қаратаев үйіндегі сандығының түкпірінде жатқан мына бес кітабын журналистерге жыламсырап отырып көрсетуден басқа амалы қалмаған. Себебі, қазақтан шыққан тұңғыш спорт комментаторы бұл еңбекті алпыс жыл бойы жаздым деп отыр. Ал, шаң басып жатқан кітаптарды бастырып шығарып қалың оқырман қауымға жол тартқызуға зейнеткердің материалдық шамасы келмейтін көрінеді.  

«Бүгінде бұл кітаптарды баспадан шығаруға еш мүмкіндік болмай отыр. Осының бәріне қаншама уақыт жұмсағаным жасырын емес . мақсатым, келешек жастар оқыса, осыдан керегін алса деймін. орыстармен таласып жүріп қазақша жүргізгеніміз еш жасырын емес. Мен қазір мына тамағымнан құрып отырмын, ларингит деген ауру пайда болды»,- деді Қазақтан шыққан тұңғыш спорт комментаторы, Сұлтанғали ҚАРАТАЕВ. 

Өткен ғасырдың 70-ші жылдары тікелей эфирде атақты Толчинскиймен таласып отырып орталық стадионды алғаш рет қазақша сайратқан - Сұлтанғали Қаратайұлы. Оның спорт репортаждары алтын қорда сақтаулы тұр. Кеңес өкіметі заманында 90 минуттық матчтың 5 минуты ғана қазақ тілді комментаторға бөлінгені де жасырын емес. 

«Сұлтекеңнің біраз кітаптары жарық көре алмай отырғаны жасырын емес. Оны шығаруға біздің шамамызда жетпей отыр. Жолдасымның көптеген еңбектерін жастар білсе дейміз. Солардың жадында қалу керек жазған дүниелері. Кеңес заманында көптеген еңбек жасағаны жасырын емес»,-деді С.Қаратаевтың жұбайы, Мәрияш САМАТОВА.

Сұлтанғали Қаратаевтың бүгінде қазақ комментаторлығына қажетті көптеген термин сөздерді де енгізгені жасырын емес. Мәселен, «Айып алаңы», «Оң қаптал», «Сол қаптал», «Қосалқы құрам» тағы басқасы да бар.  Тіпті, оларды бүгінгі спорт комментаторлары тікелей эфирдегі сөз тіркестерінде жиі қолданады. Бірақ, солардың ешбірі тұңғыш қазақ комментаторына қолдау білдіруге құлықсыз. 

«Сұлтанғали Қаратаев енді, ешкім демеушілік білдірмесе көмекті биліктен сұрауға тұра келеді дейді. Қазақ спортының дамуына зор үлес қосқан қария қартайғанда қаржыға зәру болатынын ойламаса керекті»,- деді Спорт комментаторы, Ержан КӨШКІНБАЙ.