ҚР ҰҚК бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаев ұсталды

29.12.2016 20:26

Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің бұрынғы төрағасы  Нартай Дүтбаев ұсталды. Бұл туралы  Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті хабарлады. Комитет мемлекеттік органдардың бірқатар лауазымдық тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүзеге асырған. «Жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында 2016 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бірнеше баптары бойынша  көзделген қылмыстарды жасауға күдіктілігі бойынша Дүтбаев Нартай Нұртайұлы, Хасен Нұрлан Болатұлы және Нұртаев Ерлан Сүйімбайұлы ұсталды», - делінген хабарламада. Қазір тергеу амалдары жалғасуда.