Еліміздің Ұлттық банкі кезекті рет қаржы институттарына көмек қолын созуда. RBK банкінде қаржылай тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін 120 миллиард теңге бөлген. Қазіргі таңда қосымша капитализация ретінде мекеме портфеліне 60 миллиард теңге инвестиция құйылды. Оны «Қазақмыс» корпарациясы аударған. Акционерлердің сөзінше, қазір банкте қолма-қол ақша тапшылығы мәселесі шешілген. Енді қаржы институты өз клиенттерімен бұрынғы режимде жұмыс істеуге дайын.
«Миноритарлық акционерлер ауқымды тексеру жүргізді. Ол шілде айында басталды. Сол кезде біз банк өтімділігі көп кетіп жатқанын байқадық. Бұл квазимемлекеттік сектор, мемлекеттік мекеме емес, олар жеке және заңды тұлғалар», - деді банк акционері Владимир КИМ.
Атап өтерлігі, келесі жылдың басында аталған банкке инвестор тарапынан тағы 100 миллиард теңге аударылмақ. Осылайша, қолма-қол ақша көлемі 360 миллиард теңгеге жетеді. Ал, бүгінгі таңда жинақталған проблемалы несие арнайы құрылған комиссияға жолданбақ. Олар борышты өндіріп алумен айналысады. Қазір оның көлемі 595 миллиард теңгеге жеткен.
«Біз қазіргі таңда өз міндетімізді толық орындап жатырмыз. Егер клиенттер тарпапынан өз қаржысын ала аламыз ба? деген сұрақ туындаса Олар өз қаражатын алады. Біз әр тұтынушы үшін де жұмыс істейміз», - деді Банк директорлар кеңесінің төрағасы Пол ТОРСТЕН.