Қуандық Бишімбаевтың қамау мерзімі 10 қыркүйекке дейін ұзартылды

08.08.2017 15:43

Қуандық Бишімбаевтың қамау мерзімі 10 қыркүйекке дейін ұзартылды. Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі мәлдімдеді. Естеріңізде болса, Ұлттық экономика экс-министрінің ұсталғанын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдері хабарлаған еді. Бишімбаев топ болып, алдын ала келісім жасау арқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алды, заңсыз алған қаражатты өз қажетіне жаратты, деп айыпталып отыр. Қазір ол Астана қалалық Ішкі істер департаментінің  уақытша тергеу ұстау изоляторында отыр.