Қуанышын әлеуметтік желіде бөліскен қыз бәлеге қалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қуанышын әлеуметтік желіде бөліскен қыз бәлеге қалды. Жүргізуші куәлігін «әкесінің сатып алып бергені үшін рахмет айтқан қыз Инстаграм желісіне суретін жүктеген. Сөйтіп, Әйгерім Жамбылқызы дүйім жұртқа мақтанғысы келген еді. Ал қазір әкімшілік полиция комитеті 21 жасар қыздың куәлікті қандай жолмен алғанын тексеріп жатыр. Құжатты бойжеткенге Алматы облысының Ішкі істер департаменті берген. Әйгерімнің әкесі қызының суретті ақылсыздығынан жүктеді деп ақталған. Сондай-ақ Жамбыл Фазылов куәлікті нұсқаушымен оқып, алғанын айтып отыр. Аталған дерек бойынша, Алматы облысының Ішкі істер департаменті әзірге қыздың мектеп кезінде көлік жүргізуді үйренгенін анықтапты.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
10.11.2026 09:40
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
10.11.2026 13:50
Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады
10.11.2026 12:10
Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді
09.11.2026 10:00