Қырғыз елінде жаңа басшыны ұлықтау рәсімі өтті

27.11.2017 в 22:06

Қырғыз елінің Президенті Сооронбай Жээнбеков өз қызметіне ресми кірісті. Жаңа басшының ұлықтау рәсімі мемлекеттік "Ала-Арча" резиденциясында өтті. Инаугурацияның басында Сооронбай Жээнбеков Қырғыз халқына ант берді. Кейінірек оған куәлік, төске тағатын белгі және мемлекет басшысының байрағы марапатпен табысталды. Ресми іс-шарадан Жээнбеков мемлекет басшысының әкімшілігі жұмыс істейтін Ақ үйге ат басын бұрды. Айта кетейік, ұлықтау  шарасына 450 адам қатысып, оған 120 мың доллар жұмсалыпты. Бұл жолы рәсімге шетелдік қонақтар шақырылмаған. Әйтсе де, іс-шараға жүзден аса жергілікті және шетелдік БАҚ өкілдері қатысып үлгерді.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 15-ші қазанынада өткен сайлауда Социал-демократиялық партияның атынан шыққан Сооронбай Жээнбеков Қырғызстандағы президент сайлауында 54,75 пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткен еді.