Қырғыз елінен тасымалданатын сапасыз өнім азаяр емес

03.11.2017 22:00

Қырғыз елінен тасымалданатын сапасыз өнім азаяр емес. Бұл жолы  20 тонна кептірліген жеміс шегарадан кері қайтарылды. Соңғы айда сапасы сын көтермейтін тауарларды тасымалдау бойынша 101 факті тіркелген. Бұл өнімдердің барлығы фитосанитарлық талапқа сай келмейтіні анықталған. Салдарынан 295 мың теңге айыппұл салынып, біздің тарап қызғыз елінің Ауылшаруашылығы министрлігіне 64 рет хат жолдапты. Әйтсе де, көрші мемлекет «ләм-мим» демей отыр . Бұдан бөлек, Еуразиялық экономикалық одаққа да бұл бассыздыққа бей-жай қаралмасын деген сауал жолданыпты.


Теги: тауар