Қырғызстан 100 млн долларлық келісімшарттың күші жойылғанын хабарлады

Қырғызстан 100 млн долларлық келісімшарттың күші жойылғанын хабарлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қырғызстан 100 миллион долларлық келісімшарттың күші жойылғанын Қазақстанға ресми түрде хабарлады. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Денонсацияны, яғни қаржыдан неліктен бас тартқанын қырғыз тарапы қазақстандық тараптың келісілген мерзімде шарт талаптарын орындамауымен түсіндірсе керек.

«Біз өткен аптада келісімнің күшін жою туралы қырғыз тарапынан ресми хабарлама алдық. Болашақта бұл мәселе халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешілетін болады», - деді ҚР СІМ ресми өкілі Әнуар ЖАЙНАҚОВ.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Қырғызстанды Еуразиялық Экономикалық Одаққа ықпалдастыру үшін Қазақстан 100 миллион доллар көлемінде көмек көрсету туралы үкіметаралық келісім қабылдаған еді. Алайда,16 қарашада көрші елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев келісімнің күшін біржақты жою туралы заңға қол қойды. 

Новости партнеров