Қырғызстанмен шекарада жоспарлы операция жүргізіліп жатыр

12.10.2017 20:30

"Эйр-Астанаға" тиесілі ұшақ Қытайда апаттық жағдайда қонды. Сөйтсе, Боинг 757-нің шасииі ашылмай қалған. Оқыс жағдай Сямынь провинциясында болды. Әуе компаниясы апаттық жағдайда қонған ұшақтың Қытайға техникалық тексерістен өту үшін барғанын айтады. Қайтар жолда, шассиден ақау шығыпты. Абырой болғанда, ол кезде әуе кемесінде жолаушылар болмаған.    

¤«Шассиді бірден ашу мүмкін болмады. Өйткені, керосин толық жанып бітпеді. Ондай жағдайда жылдамдықты азайту мүмкін емес. Сондықтан ұшақ 2,5-3  сағаттай әуеде қалқып жүрді. Кейін барып, оны қондыру мүмкін болды», - деді "AIR ASTANA" әуе компаниясының аға менеджері Сергей МАКАРЕНКО.

Әуе компаниясының ұшақтары биылдыққа осымен үшінші рет әуежайға апаттық жағдайда қонып отыр. Алғашқысы наурыз айында Алматыда тіркелген. Ол кезде Астанаға бет алған әуе кемесінің қозғалтқышынан ақау анықталыпты. Екінші жағдай Ақтөбеде орын алды. Алматыдан Оралға аттанған лайнер - ұшқыштар кабинасына орнатылған құрылғылардың істен шығуынан шұғыл жерге қонған.