Елімізде әуе сапарларының қауіпсіздігін және авиациялық оқиғаларды тергейтін жеке мемлекеттік орган құру қажет. Сенаттың жалпы отырысында депутат Талғат Мұсабаев осындай ұсыныс жасады. Оның пікірінше, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, алдымен сертификаттау қызметтерін бақылау және қадағалаудан бөліп қарастыру маңызды. Бұл әуе сапарларының қауіпсіздін арттыруға жол ашады. Сенатордың бұл ұсынысы еліміздің азаматтық және басқа да авиация түрлеріне қатысты орын алып отырған жағдайлар түрткі болыпты.
«Әлемдік тәжірибе әуе сапарлары қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сертификаттау мен қадағалау секілді негізгі мемлекеттік қызметтер бір ведомствода шоғырланбауы тиіс екендігін көрсетіп отыр. Өйткені қабылданған шаралар мен шешімдердің объективтілігі ескерілмейді, соның салдарынан әуе сапарларының қауіпсіздігі төмендейді. Азаматтық авиация саласына тоқталсақ, Қазақстанда аталған қызмет Қазақстан Республикасының Инвестициялар және Даму Министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне тиесілі. Осы арқылы тек бір ғана орган салада өзі сертификаттайды, кейіннен дәл өзінің жұмысына қадағалау жүргізеді. Меніңше бұл дұрыс емес», - деді ҚР Парламенті сенатының депутаты Талғат МҰСАБАЕВ.