Қытайда тұратын қазақ қызына есту қабілеті қайтарылды. Мылқау адамдарға тегін берілетін аппарат 7 жасар Әйгерімге де бұйырған. Ал қарағандылық Анита Юан өз махаббатын Аспан асты елінен тапса, қазақстандық жастарымыз Қытайдың алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарында білім алып жатыр. Аспан асты еліндегі отандастарымыз туралы Азамат Әуезханның бейнематериалы.
Қазақ елінен арнайы барған бізге Үрімшіде тұратын қазақ отбасы біраз дайындалыпты. Ұлттық киім киіп, ана тілінде сөйлеп қарсы алды. 7 жастағы Әйгерім Қадыл осы уақытқа дейін ештеңе естімей келген. Түрлі есту құрылғылары да көмегін тигізбепті. Ал 3 жыл бұрын Қытайдың Ханджоу қаласында өнертапқыштар қара көз қазақ қызына заманауи есту аппаратын сыйға тартқан. Сол құрылғымен Әйгерімнің де өмірге деген жаңаша көзқарасы пайда болды.
«Ал басқа отбасы, Дима мен Анита 10 жылдан бері бірге. Қытайда университетті аяқтағаннан кейін бойжеткен туған жері Қарағандыға қайтады. Бірақ ғашығын жібере алмаған Дима, Анитаны Сиян қаласына алып кеткен»,- деді Әйгерімнің анасы, Сағымгүл МӘЛІК.
«Любовь не имеет границ, не имеет наций, стран»,- деді Электронды компанияның жетекшілері, Дмитрий, Анита ЮАН.
Сүйіктісінің еліне барып тұруы үшін Дима қызметін түбегейлі өзгертіпті. Үйленгенге дейін бағдарламалаумен айналысқан ол, онлайн компания ашады. Қазір, Қытайдан Қазақстанға тауар тасымалдайды.
«Жыл басынан бері Қазақстаннан 800 мыңнан аса тапсырыс келіп түсті. Тауардың жалпы сомасы 5 миллион долларды құрап отыр. Бар тапқан табысымыз қазір Қазақстанда. Сол себепті Қазақ елінен Қытайда сұранысқа ие тауарлар тізімін жасап, алып келуді жоспарлап отырмыз»,-деді Электронды компанияның жетекшілері, Дмитрий, Анита ЮАН.
«Барлығы студенттің өзіне байланысты. Бүкіл жерде білім алу оңай емес. Оқу - инемен құдық қазғандай деген сөз бар ғой қазақта. Содықтан әр жерде білім бірдей»,- деді Нанкин ғылым және технология универстетінің студенті, Құлан САҒАДИ.
Нанкин университетінде оқитын Құлан үлгерімі жағынан алдыңғы қатардан көрініп келеді. Оқуын тәмәдағаннан кейін туған жеріне келіп, ел игілігіне қызмет етпек.
«Алла бұйыртып, осы жердегі магистратураны бітірсем, докторантураға түскім келеді. Бірақ та докторантураға түскеннен кейін өзімнің еліме барып, қызмет еткім келеді»,- деді Нанкин ғылым және технология универстетінің студенті, Құлан САҒАДИ.
Азамат Әуезхан, Канат Кигізбаев, «Алматы» телеарнасы, Қытай Халық Республикасынан