Еліміздің прокуратура саласына өзгерістер енгізілмек. Мәжілісте Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко «Прокуратура туралы» заң жобасын таныстырды. Аталған заң жобасы ел прокуратурасының мәртебесi мен рөлiн жаңғыртуды көздейдi. Құжат Қазақстан Республикасы Президентінің 13 наурыздағы бұйрығын орындау мақсатында дайындалған. Бас прокурор орынбасарының айтуынша, осы аталған заң жобасы негізінде кәсiпкерлерді, жеке тұлғалар мен түрлi қоғамдық ұйымдарды негізсіз тексере алмайды. Құзырлы орган жұмысының басым бөлігі мемлекеттiк орындарды тексеруге бағытталан.
«Таныстырылған құжатта қадағалаудың үш нысаны көзделген. Олар: құқықтық актiлердi тексеру, талдау және бағалау. Сонымен қатар, прокурордың құқықтық актілер жүйесіне өзгерістер енгізілді. Ендi қадағалау актiлерiн мәжбүрлеп орындату сот тәртiбiмен ғана жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ, заңды түсiндiру мазмұны өзгертiлдi. Аталған құқықтық актi қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың, одан өзге дайындалып жатқан құқыққа қарсы әрекеттер туралы мәлiмет болған кезде олардың алдын алу мақсатында енгiзiлетiн болады»,- деді ҚР бас прокурорының орынбасары, Андрей КРАВЧЕНКО.
Айта кетейік, Конституцияның 83-бабына енгiзiлген түзетулерге сәйкес, прокуратура мемлекет атынан ел аумағында заңдылықтың сақталуына заңда көрсетілген нысандарда жоғары қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.