Қызды педофилден құтқарған оқушы ҚазҰАУ-де тегін білім алады

25.08.2017 11:24

Алматы облысында 8 жасар қызды педофилден құтқарып қалған оқушы грантқа оқуға түсті. Аймақ әкімдігінің қызметкерлері ерлік танытқан өренге Алматыдағы аграрлық университетте тегін білім алуға мүмкіндік беретін арнайы сертификатты табыс еткен. Тимурбек Жамаладдинов енді «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын меңгеретін болады. Қаперде болса, Алматы облысындағы Түрген ауылында биыл сәуір айында белгісіз ер адам 8 жасар қызды зорламақ болған еді. Бірақ Тимурбек тұрымтайдай қызға араша түсіп, әлгі азғынға сес көрсеткен. Көп ұзамай 32 жастағы күдікті қолға түсіп, оған тергеу тағайындалды. Сөйтіп, облыстық соттың шешімімен педофил 20 жылға сотталды. Ал Тимурбектің сол күнгі ерлігі әлі күнге ел есінде.