Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысының қамау мерзімі ұзартылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаевтың қамау мерзімі 26 шілдеге дейін ұзартылды. Астана қаласы Есіл ауданының №2 соты Нартай Дүтбаевтан басқа Нұрлан Хасенов және Ерлан Нұртаевтың қамау мерзімдерін де ұзартты. Кезінде елдің қауіпсіздік қызметін жауаптанған бұл тұлғаларға қатысты тергеу құпия түрде жүріп жатыр. Елге танымал шендінің ұсталғаны өткен жылдың 28 желтоқсанында ғана жарияланған еді. Қауіпсіздік қызметін 5 жыл басқарған лауазымды қызметтегі тұлғаларға "Мемлекеттік құпияны жария етті" және "Билік пен қызметтік өкілдігін асыра пайдаланды" деген айып тағылған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
27.10.2026 08:11
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
27.10.2026 09:40
Абай алаңында Республика күніне арналған концерт өтті
26.10.2026 11:31