Ұстаздарын аяусыз сабаған алматылық студенттерге қатысты істің жарыссөзі өтті

06.10.2017 в 02:43

Алматыда профессордың үйін тонап, соққыға жығып кеткен бес жігітке қатысты істің жарыссөзі өтті. Белгілі болғандай, оқытушының 9 қабырғасын сындырғандар студенттер емес. Орта білімді, тұрақты жұмысы жоқ азаматтар қолды қылған 23 млн теңгеден астам ақшаны теңдей бөліп алыпты. Енді олар профессорға келтірілген шығынды бірігіп өтейтін болады.


«Әбдіқанов Данияр Серікбайұлын кінәлі деп танып, оған жаза ретінде 11 жыл 3 ай мерзімінде жаза тағайындауды сұраймын. ҚР қылмыстық кодексінің 56-шы бабы 6-шы бөлігіне сай Алматы қаласы Медеу аудандық №2 сотында 14 мамыр тағайындалған 2 жыл 11 ай 27 күн бас бостандығын шектеу туралы ішінара қосу арқылы, түпкілікті мүлкін тәркілей отыра 13 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды және жазаны өтеуді қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша қауіпті мекемеде өтелуін сұраймын», - деді мемлекеттік айыптаушы Ербол АБСАТОВ.

 

¤Соңғы сөздерінде сотталушылар жәбірленуші Ағыбай Смағұлов пен оның жарынан кешірім сұрады. Олар жасаған кінәларын мойындап, жеңіл жаза тағайындалса деген пікір білдірді. Сот шешімді ертең шығарады.