Әділет департаменті арқылы алматылықтарға 61 мыңнан аса мемлекеттік қызмет көрсетілген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әділет департаменті арқылы жыл басынан бері алматылықтарға 61 мыңнан аса мемлекеттік қызмет көрсетілген. Әсіресе, жылжымайтын мүлікті тіркеу құқығы бойынша 55 мыңға жуық қызмет ұсынылыпты. Сонымен қатар, заңды тұлғаларды тіркеу - 4 мыңнан аса, адвакатура мен нотариат - 56, сот актілерін орындау саласы бойынша - 66 қызмет алынған. Бұл туралы Әділет департаментінде өткен қоғамдық кеңесте айтылды. Халыққа тиімді еңбек ету үшін мемлекеттік мекеме тіркеу мерзімін, құжаттар пакетін қысқартып, бүкіл жұмыстың электрондық нұсқасын енгізген. Бұл өз кезегінде жемқорлықтың болмауына сеп болмақ. Сондай-ақ, жиын барысында аталған мекемеге қарайтын қоғамдық кеңестің атауы өзгертіліп, алдағы уақытта тек «Кеңес» деп аталатын болды.

«Егер бұрын кеңесіміз «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қоғамдық кеңес» деп аталса, енді «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес тек Кеңес болып өзгертілді. Алқа міндеттері ұлғайып, құрамына бұқаралық ақпарат өкілдері, заң ғылымының профессорлары және халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдері еніп жатыр»,- деді Әділет департаментінің басшысы, Гүлнар КОКОБАЕВА.

 

Новости партнеров