Әуезов ауданында бос орындар жәрмеңкесі өтті

13.12.2017 в 22:13

Алматыдағы жергілікті атқарушы және аумақтық органдардың мамандары халыққа бір табан жақындай түсті. Бүгін Әуезов ауданында мемлекеттік қызмет пен бос орындар жәрмеңкесі өтті. Түрлі сала мамандары 3000-нан астам адамға кеңес беріп үлгерді. Сондай-ақ, шара барысында 500-ге жуық адам бос жұмыс жәрмеңкесіне қатысты. Кеңес беру таңғы 9-дан басталып, кешкі 18.00-ге дейін жалғасты. Халықты әсіресе онлайн режимде қызмет алу, жер учаскелерін тіркеу, баспанаға кезек санын білу мәселелері қызықтырды.

«Бүгін Әуезов ауданында біз мемлекеттік істер жөніндегі агенттігімен бірге 23 мемлекеттік және 3 үкіметтік емес ұйымдармен, атап айтқанда оның ішінде «Атамекен», Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі және де «Даму» қорымен бірлесе мемлекеттік электронды үкімет арқылы қызмет көрсетудің артықшылықтарын және де осы бүгінгі келген аудан тұрғындарының мемлекетке деген өздерінің біле алмай жүрген сұрақтарының, өздерінің ойларында жүрген көкейкесті сұрақтары туралы оларға анықтама берілді», - деді Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Дастан ҚАЙРАТҰЛЫ.