Тәуелсіздік күні мерекесінде Алматыда қайда баруға болады?

13.12.2017 в 05:03

16 желтоқсанда Қазақстан ел тәуелсіздігінің 26 жылдығын атап өтеді. Мерекеге орай жыл сайын Алматыда түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылады. Қала тұрғындары мен қонақтары мерекеге орай 4 күн демалыста қандай шараларға бара алады?

Қызыл орамалды шынарым

драма

3 -20 желтоқсан 17:00

Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

ҚР Тәуелсіздік күніне арналған концерт

Абай атындағы қазақ Мемлекеттік академиялық Опера және балет театрының опера солистері әң орындайды

15 желтоқсан 17.00

Абай атындағы қазақ Мемлекеттік академиялық Опера және балет театры

Қазақстан республикасының тәуелсіздігі күніне арналған концерт

Бағдарламада Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының опера солистерінің орындауында Қазақстан халықтарының әндері

15 желтоқсан 17:00

Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театры (ГАТОБ)

«Арман» спектакль

Екі жасөспірім қыздың тағдыры сипатталады

15-16 желтоқсан 20.00

BUNKER, ART-баспанасы

Қыз мұңы

Спектакль арқауы – бүгінгі күн

16 желтоқсан, 18:30

М. О. Ауезов атындағы драма театры

«Алтын Адам» эпикалық қойылымы

Туынды осыдан 2500 жылдай бұрын, темір дәуірінде өмір сүрген бабаларымыздың бабалары – сақ тайпаларының өмір-тіршілігін жас көрермендердің көз алдына елестетіп, азаттық, бірлік жолындағы жанқиярлық ерлік-шежірелерін паш етеді

16 желтоқсан, 11:00

Мемлекеттік Қуыршақ Театры

Ақылдының соры

Қайғылы комедия

17 желтоқсан, 18:00

Алматыдағы М.Ю.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры

Махаббат әлемі 2017

Өнер әлеміндегіжұлдызды жұптардың қатысуымен өтетін концерт

17 желтоқсан, 19:00

ГКП Республика Сарайы

Cosmo New Year фестиваль-жәрмеңке

Шара барысында жаңа жылға арналған шоу-бағдарлама, отбасылық спорттық ойындар, түрлі сыйлықтар ұтысы, сайыстар ұйымдастырылады. Ал жәрмеңкеде жақындарыңызға кәдесыйлар мен ойыншықтар сатып алуға болады.

16-17 желтоқсан 11.00

«Атакент молл» сауда орталығы

«Алиса айнаның арғы бетінде мұзда» шоу

Премьера

17 желтоқсан 11:00; 14:00; 18:00

Алматы Арена