Әуезов ауданында ұстаздарға мерекелік концерт ұйымдастырды

30.09.2017 в 01:33

Алматыда мұғалімдер күні аталып өтті. Әуезов ауданының әкімдігі  ұстаздарға мерекелік концерт ұйымдастырды. Онда өнерпаздар ән салып, ауданның үздік ұстаздарына дипломдар табысталды. Ауданда 32 мектеп, 45 мемлекеттік, 60-қа жуық жекеменшік балабақша, 6 жоғарғы оқу орындары бар. Мұнда 10 мыңнан аса мұғалім жұмыс істейді екен.


«Ендігі біздің мақсатымыз - мектпетердің арасындағы ұстаздар арасында қосымша спорттық шараларды ұйымдастыру. Өйткені бұдан басқа бізде спорт жағынан дене шынықтыру ұстаздары белсене қатысуда», - деді Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Еркебұлан ОРАЗАЛИН.