Өткен жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің өсімі 1 пайызды құраған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Өткен жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің өсімі 1 пайызды құраған. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтың айтуынша, биыл ішкі өнім 2,8 пайызға өседі деп болжанып отыр. Егер мұнай бағасы барреліне 55 доллардан сатылса, бұл болжам расқа айналып, экономика алға жылжуы мүмкін. Министрдің айтуынша, экономиканың өсуіне әсер еткен басты факторлардың бірі инвестициялық белсенділіктің артуы. Банк секторы жүйеленбей, экономика мәселесі шешілмейді деген министр несиелеу жұмысы былтыр 1,5 пайызға өскен дейді. Егер қара алтын құны қайтадан кері құлдырап, баррелі 35 долларға дейін түсіп кетсе ішкі өнімнің дамуы 1,9 пайызды құрайды деп болжанған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
10.11.2026 09:40
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
10.11.2026 13:50
Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады
10.11.2026 12:10
Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді
09.11.2026 10:00