Танымал отандық актер түрік фильміне түспек

06.11.2018 14:19

Белгілі қазақстандық актер Әділ Ахметов түрік фильміне түсуі мүмкін, деп хабарлайды Sputnik.

Өткен аптада Алматыда түрік киносының апталығы өтті. Осы апталықтың бас ұйымдастырушысы Өнер Кылыч мырзаның айтуынша, келесі жылы түрік киногерлері Шыңғыс Айтматов шығармаларының бірі «Жәмиланы» көркем фильмге айналдырып, таспалауды бастамақшы. Жәмиланың ғашығы Даниярдың рөліне қазақстандық актер Әділ Ахметовты лайықты көріп отырмыз дейді. Кино тарихтың шынайы беттерін айқын көрсетуі үшін қырғыз жерінде түсірілмек.

«11 жасымда Шыңғыс Айтматовтың «Жәмиласын» оқыдым, сонда бала арман ғой, осы Жәмила туралы кино түсіремін дегенмін өзіме. Шынайы болу үшін Жәмиланың туған жері Таласқа да барып келдік. Жәмиладағы Даниярдың рөліне қазақстандық актер Әділ Ахметовты лайық көріп отырмын. Театрға барып ойынын тамашаладым, мықты азамат, болашағы зор», — деді Кылыч.

Түрік режиссерлерінің көзіне түскен Әділ Ахметовпен телефон арқылы сөйлескенімізде, рөлге бекітілмек болып жатқанын бізден естіп отырғанын айтып таңғалдырды.

«Иә, алдында түрік ағайындар келіп, Даниярдың рөліне лайықсыз деп айтқан болатын. Бірақ әлі нақты хабарласып, осы рөл сіздікі дей қойған жоқ (күліп). Данияр образына келер болсақ, ол өте күрделі тұлға. Ол жерде Даниярдың тегін қазақ деп жазады, осы себепті де ұқсастық көрген шығар.  Егер бекітіліп жатсам, әрине, тек қуаныштымын», — деді актер.

Сондай-ақ, Өнер Кылыч 70 жыл бодандықта көрген ауыр тұрмысты, репрессия құрбандарын көрсететін фильм түсіруге дайын екенін, болашақта Төлен Әбдіктің шығармаларынан бір кино әзір тұрғанын жеткізді.