Семейде көмір алуға барған атақты спортшы көз жұмды

Семейде көмір алуға барған атақты спортшы көз жұмды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандық дзюдошы Жасұлан Әбиев Қаражыра көмір разрезінде болған төбелес кезінде қаза болды, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Қайғылы оқиға сейсенбі, 13 қарашада болған. Factum.kz куәгерлерге сілтеме жасап хабарлағандай, спортшы көмір кезегінде ауыр жарақат алып, көз жұмған.

ШҚО полиция департаменті марқұмның Степной ауылында тұрғанын мәлімдеді.

«Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-тармағы (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді полицейлер.

Күдікті ұсталған, қазір уақытша ұстау изоляторында. Ол Семей қаласының 24 жастағы тұрғыны болып шықты.

Қаза болған Жасұлан Әбиев – республикалық чемпионаттардың бірнеше дүркін жеңімпазы, халықаралық турнирлердің жүлдегері.


Новости партнеров