Түркістан облысында 5 баланың анасы дүниеге үшем әкелді

11.10.2018 14:25

Сарыағаш ауданының тұрғыны Ұлжалғас Бақтыбаева Айберік, Байсерік және Гүлсім есімді сәбилерді дүниеге әкелді. Отбасында тағы да бес бала тәрбиеленуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үшем облыстық №1 перинаталды орталықта дүниеге келген. Перзентхана дәрігерлері 32 жастағы келіншектің толғағы мерзімінен бұрын келгенін мәлім етті. Сондықтан нәрестелердің салмағы  2,5 келідей ғана. Олар қазір тұрақты дәрігерлердің бақылауында болған. Қазір анасының да, сәбилерінің де денсаулығы бір қалыпқа келді.

Айта кетейік, Ұлжалғас Бақтыбаева балабақшада тәрбиешінің көмекшісі болып жұмыс істейді. Ол бұған дейін бес баланы өмірге әкелген.