Мәйітті киоскпен бірге өртеген: Қостанай тұрғыны бөтелкелесін аяусыз өлтірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Рудныйда аяқ киім жөндеу киоскісінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды alau.kz-ке сілтеме жасап sn.kz порталы.
Ер адамның денесінде қинап өлтірген белгілері бар. Жедел іздестіру барысында 30 жастағы күдікті ұсталды. Ол бұрын да сотты болған.
«Анықталғандай екеуі алкогольдік ішімдік ішкен. Арада кикілжің туып, күдікті жәбірленушіге жарақат салады. Артынша ұялы телефонын ұрлап, киоскті мәйітпен бірге өртеп кеткен», – дейді Қостанай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Күдікті уақытша қамау изоляторына алынды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
11.11.2026 13:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
11.11.2026 08:15
Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады
10.11.2026 12:10
Елордадағы қайғылы оқиға: көз жұмған қыздың бірі күзде көшіп келген
10.11.2026 19:11
Қазақстан экономикасының 10 айдағы өсімі 4,5% болды
10.11.2026 10:00