Тұрғындар артық ақша таратқан банкоматтың алдында төбелес шығарды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
АҚШ-тың Хьюстон қаласында бұзылып қалған банкомат 20 долларлық купюраның орнына 100 доллар шығарған, деп хабарлайды sputniknews.kz.
Бұл банкомат жайында хабар әлеуметтік желі арқылы тез тарап, бүкіл халық сонда ағыла бастады. Көп ұзамай жиналғандар арасында төбелес шығып, полицияның назарын аударады. Шерифтің көмекшілері келіп жеткен соң банкомат жабылды.
Bank of America мәлімдемесіне сүйенсек, құрылғының істен шығуына 100 долларлық купюраларды дұрыс жүктемеуі себеп болған. Банкомат артық ақша берген адамдардан қаржы тәркіленген жоқ, деп жазады ABC 13.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
14.11.2026 11:34
Кофенің пайдасы мен зияны: дәрігерлер нені ескертеді
13.11.2026 12:40
Күн сайын қанша жұмыртқа жеген дұрыс
14.11.2026 12:38
Дәрігерлер ашқарынға жеуге болмайтын тағамдарды атады
14.11.2026 11:36