СҚО-да мешіт өртеніп кетті

11.12.2018 в 19:00

Солтүстік Қазақстан облысында мешіт өртеніп кетті деп жазады Петропавловск.news.

Оқыс оқиға Мамлютка қаласында болған. Қызыл жалын ғимараттың шатырын түгелдей күлге айналдырып, қабырғаларын шарпыған. Алдын ала болжам бойынша, тілсіз жаудан қайтыс болғандар немесе жарақат алғандар жоқ.

Мешіттің қабырғалары алдымен ағашпен тұрғызылып, кейін сырты кірпішпен өрілген екен. Ал шатыры толықтай ағаш материалдарымен жабылған. Өрттің дереу лап беруіне осы жағдай себеп болған.