|
25.09.2018 | 09:35
1105

Аялдамада тұрған келіншек пен 3 жастағы баланы көлік қағып, мерт қылды

Аялдамада тұрған келіншек пен 3 жастағы баланы көлік қағып, мерт қылды

Атырауда автобус аялдамасында тұрған әйел мен 3 жасар баланы көлік қағып кетіп, екеуі де оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қайғылы оқиға қала маңындағы Құрсай кентіне қатынайтын №5 автобустың ақырғы аялдамасында болды. Жол апатынан 3 адам зардап шекті. 37 жастағы әйел мен 3 жасар бала жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін көз жұмды, ал 5 жасар қыздың миы шайқалып, жамбас сүйегі сынған. Бүлдіршін облыстық балалар ауруханасына жеткізілді», - деді Атырау облысы ІІД баспасөз қызметінің өкілі.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы ҚР ҚК 345-бабы, 2-бөлігіне  («Көлік құралдарын басқарған тұлғалардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын қолдану ережесін бұзуы») сәйкес сотқа дейінгі тексерудің бірыңғай реестрінде тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир