Forbes журналы әлемдегі көп ақы төленетін әншілердің рейтингін құрды. Бірінші орында Кэти Перри тұр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Кэти Перри Witness: The Tour концерттік турының арқасында 83 миллион доллар тауып, өткен жылғы рейтингтегі тоғызыншы орыннан бірінші орынға көтерілген. Екінші орынға Тейлор Свифт шыққан. Оның табысы 80 миллион долларға бағаланған.
Forbes тілшісі әншінің жетістігіне Reputation альбомы маңызды рөл атқарғанын атап өтті. Себебі, альбом шыққан соң бір апта ішінде оның шамамен, 2 миллион данасы сатылған.
Үшінші орынды 60 миллион доллармен Бейонсе иеленді.
Төртінші кезекте Pink тұр. Ол бір жылда 52 миллион доллар табыс тапқан.
Ал бесінші - Леди Гага (50 миллион доллар). Алғашқы ондықтың қатарына Дженнифер Лопес, Рианна, Хелена Фишер, Селин Дион және Бритни Спирс кірді.