|
01.10.2018 | 09:38
1456

Алматыда жүк көлігінің кесірінен 2 көлік соқтығысып қалды

Алматыда жүк көлігінің кесірінен 2 көлік соқтығысып қалды

Алматыдағы жүк көлігін даңғылға шығару үшін, жол бермек болған кезде екі автокөлік соқтығысып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Жол апаты Рысқұлов даңғылының бойында Жансүгіров және Бөкейханов көшелерінің арасында, батыс бағытқа қарай орналасқан қоймалар маңында болған.

Төбесіне дейін жүк тиелген жүк көлігі Рысқұлов даңғылына бұрылып шықпақ болады. Жүк тиеушілердің бірі жолда кетіп бара жатқан жүргізушілерден тоқтап, жүк көлігін өткізіп жіберуін сұраған.

Жүк көлігі жүргізушісінің айтуынша, 1-ші және 2-ші жолақтағы көліктер тоқтаған. Honda Odyssey үшінші қатармен келе жатып, бірден тежегішті басады. Оның артында келе жатқан Лада көлігі аялдамастан, қатты жылдамдықпен келіп Хондаға соғылады. Жол апатынан 4 адам зардап шекті. Оның үшеуі Honda және біреуі «Ладаның» жолаушысы. Барлығы ауруханаға жеткізілді. Полиция апатқа кінәліні анықтап жатыр.


Фото: kazinform



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир