Кенет түтіндей бастаған ұшақтан жолаушылар секіруге мәжбүр болды (видео)
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Үндістанда 136 жолаушы мінген IndiGo әуеокмпаниясының ұшағы аяқ асты шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Daily Mail.
Оқиға Джайпурдан Калькуттаға аттанған A-320neo ұшағында болған. Куәгерлердің бірі түсірген видеода 136 жолаушының қалың түтін арасында қалғаны көрінеді. Ұшқыштар борттағы адамдарға қауіп төніп тұрғанын ескертті.
Содан соң ұшақ Калькуттаға шұғыл қонып, әуежай қызметкерлері жолаушыларды үрленген траптың көмегімен эвакуациялады, деп жазды sputniknews.kz.
IndiGo әуекомпаниясының өкілі бортты түтін басып кетуі салдарынан апатты жағдай туындағанын айтты. Әзірге оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
23.09.2026 08:15
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
23.09.2026 08:00
Алматыда үшем дүниеге келді
22.09.2026 14:49
23 қыркүйекке арналған валюта бағамы
23.09.2026 07:40