Жол-көлік оқиғасы 22 қыркүйек күні сағат 22:38 кезінде Ош облысы Үзген ауданы Кароол ауылында болды, деп хабарлайды Sputnik.
Екі көлік бір-біріне соқтығысқаннан кейін, біреуі өртке оранған. Өртенген көлік ішінде отырған ер адам сыртқа шығып үлгермеген. Милиция қайғылы оқиға болған жерде ажал құшқан жүргізушінің кім екенін анықтады.
Сондай-ақ, әзірге ер адамның тірідей жанып кеткеніне қатысты ақпараттың әлі анық еместігі айтылды. Себебі, ер адам көлік өртенбей тұрып ажал құшқан болуы да мүмкін.