Сарапшылар Головкиннің жеңілісіне «кінәлілерді» тапты

24.09.2018 14:47

Showtime телеарнасының комментаторы, сарапшы Эл Бернштейн мен ESPN маманы Дэн Рафаэль қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы қарымтаны қайта қарап шығып, төрешілер шешіміне келіспейтіндерін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz

Мамандар шешуші 12-раунд бойынша екі төрешінің ұпайларымен келіспеді. Дэйв Моретти және Гленн Фельдман бұл ұпайларды Альвареске жазып, мексикалық ұпай санымен алға шыққан (115-113, 115-113, 144-114). Екі төреші де 12-ші раундта Головкин жеңді десе, кездесу тең аяқталатын еді. 

«Головкин – «Канело» қарымтасының 12 раундын қайта қарадым. Жекпе-жектің басқа бөлігін айтпағанда, 12-ші раунд шешуші болды. Меніңше, «Канело» ол кезде ешқандай да басымдыққа ие болмаған. Головкин нақты және күшті соққыларды көбірек жасады», - деп жазды Бернштейн Twitter желісіндегі парақшасында.

«Головкиннің 12-ші раундта басым болғанын бәрі біледі. Бұған еш күмән жоқ», - деп Том Леффлер бұл жазбаны ары қарай жалғастырған.

«10 миллион пайыз кепілдік беремін, 12-ші раундта Головкин жеңді», - деп қостады Рафаэль. 

Айта кетейік, Геннадий Головкин мексикалық Сауль «Канело» Альварестен 16 қыркүйекте өткен реваншта жеңіліп қалған болатын. Төрешілердің шешімі бойынша жеңімпаз Сауль Альварес: 115-113, 115-113, 114-114. Головкиннің барлық титулы орта салмақтағы WBC, WBA (Super) және IBO белдіктері Альвареске өтті. Мексикалық боксшыға The Ring чемпиондық титулы да бұйырды, журнал оны Альварестен тартып алған болатын.