Әлеуметтік желіні шулатқан алматылық мұғалім жазасын алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда оқушысына қол көтерген мектеп-интернаттың мұғалімі жұмыстан шығарылды, деп хабарлады InAlmaty.kz.
Тұрмысы төмен отбасыдан шыққан балаларға арналған мектеп-интернаттың мұғалімі шәкіртін шапалақпен бір салып жіберген. Бұл оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде кеше жарияланды. Негізінде, мектеп басшылығы роликті 29 қыркүйекте қараған екен.
Белгілі болғандай, 1 қазанда педагог жұмыстан шығарылыпты.
Естеріңізге сала кетсек, 22 қыркүйекте ақтөбелік ұстаз да оқушысын ұрып-соққан еді. Оқиға мектеп әжетханасында болған. Қазір оқу мекемесінде қызметтік тексеріс жүріп жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
15.11.2026 11:50
Дәрігерлер күндіз қанша уақыт ұйықтау керек екенін айтты
15.11.2026 15:54
Күн сайын қанша жұмыртқа жеген дұрыс
14.11.2026 12:38
Алматыда көппәтерлі тұрғын үйлерді жаңарту жұмыстары жалғасуда
15.11.2026 10:46