Қостанайда 18 жастағы Дарья Махартованы өлтірген күдікті ұсталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қостанайда 18 жастағы Дарья Махартованың ісіне қатысты тергеу аяқталды. Енді қылмысты сот қарайтын болады, деп хабарлайды Alau.kz.
Марқұм қыздың анасын 20 қараша күні полицейлер шақыртып, тергеудің біткені жайлы хабарлаған. Оған күдіктінің қылмысын дәлелдеу үшін барлық дәйектер жеткілікті екенін айтқан.
Еске сала кетейік, осыдан 4 ай бұрын 18 жастағы Дарья Махартова үйінен шығып, қайтып оралмаған. Із-түзсіз жоғалып кеткен Затобол ауылы тұрғынының денесі Қостанай қаласының іргесіндегі орман алқабынан табылды. Денесінде зорлық белгілері болғаны анықталды.
Кейін оқиғаға қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Немқұрайлық танытқан полицейлер қамауға алынды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
20.10.2026 08:10
Семсерлесушілеріміз Мароккодағы әлем Кубогында топ жарды
19.10.2026 08:40
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
19.10.2026 14:45