Алматыда ҚазҰУ студенті жатақханада қайтыс болды

Алматыда ҚазҰУ студенті жатақханада қайтыс болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда әсері күшті дәріден уланған ҚазҰУ студенті қайтыс болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Дәрігерлердің айтуынша, оқиға 2018 жылы 24 қыркүйекте кешке болған. 19.46-да жедел жәрдемге 19 жастағы жігіт әль-Фараби атындағы ҚазҰУ жатақханасында талып қалды деген хабар түскен.

«Сағат 20.00-де диспетчер қоңырауды қабылдағаннан кейін 5/55 реанимациялық тобы 14 минутта мекен-жай бойынша жетіп барды. Биологиялық өлімнің белгілеріне қарамастан, бригада барлық қажетті шараны қабылдады және 30 минут бойы жүрек-өкпе реанимациясын жүргізді. Бірақ амал не, Нұрдос Айтбаевты құтқара алмады. Дәрігерлер жігіт анықталмаған әсері күшті препаратты қолдану салдарынан уланған, аспирациялық синдром болды деген диагноз қойды», - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Дәрігерлердің айтуынша, қайтыс болу себептерін құзырлы органдар анықтайды.



Новости партнеров