Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталып, жауын-шашын түседі. Тек Республиканың батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, тұман, көктайғақ күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Ақмола облысының бірқатар аумағында тұман, көктайғақ сақталады, түнде және таңертең желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, бұрқасын болады.
Қарағанды облысының кейбір өңірлерінде көктайғақ, бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с деңгейінде сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жел күшейіп, екпіні 15-20 м/с-ға жетеді, түнде кей жерлерінде бұрқасын болады.
Жамбыл облысында таңертең және күндіз тұман болады, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Қызылорда, Павлодар, Алматы, Түркістан, Маңғыстау облыстарының бірқатар бөлігінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-22 м/с-ға дейін күшейеді.
Атырау облысының кей жерлерінде түнде көктайғақ болады.