Мұзды Каспийге купальникпен түскен қазақстандық қыз шетелдік арнаны бағындырды (ВИДЕО)

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандық морж қыз Зарина Андрюшина жұртты таңғалдырған видеоның кейіпкері ретінде «Бірінші арнадағы» «Видели видео?» бағдарламасының жаңа жылдық шығарылымына қатысты.

Бұл туралы lada.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпарттық агенттігі хабарлайды.

«Видели видео» жобасының авторлары «Бірінші арнада» бағдарлама түсіру үшін Қазнетте танымал болған Ақтау қаласының тұрғыны Зарина Андрюшинаны түсірілімге шақырды.

Биылғы жылдың басында мұзды Каспийде шомылып жүрген қыздың видеосы желі қолданушыларын таңғалдырып, Қазнетте танымал болған болатын. Ол видеода жас қыздың купальникпен мұзды судың ортасына қалай кіріп бара жатқаны көрсетілген.

Міне, дәл осы видеоның арқасында Ақтау тұрғыны Зарина Андрюшина тек Қазақстанға ғана емес, сонымен қатар оның шекарасынан тыс жерлерге де танымал болды. Бұл видеоны мәскеуліктер де байқап, содан кейін Зарина Андрюшина «Видели видео?» бағдарламасына шақырылды.

Зарина Андрюшинаның айтуынша, ол бағдарламаның қашан шығатынын әлі білмейді.

«Видели видео?» бұл рунеттегі ең қызықты және танымал видеолардың авторлары мен кейіпкерлері қатысатын жоба.

Новости партнеров