Күйеуі қайтыс болған әйелінің мүрдесін жерлемей, бір жыл бойы үйінде сақтаған

Күйеуі қайтыс болған әйелінің мүрдесін жерлемей, бір жыл бойы үйінде сақтаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жапонияның Фукуока префектурасында 74 жастағы зейнеткер 2017 жылдың қазан айында қайтыс болған әйелін бір жыл бойы жерлемей жүрген.

74 жастағы Окуда Ёсихиса әйелі қайтыс болғаннан кейін оның мүрдесімен бірге өмір сүрген. Ол мәйіттің шіріген иісін басу үшін, әйелінің мүрдесінің жан-жағына ауа тазартқыштар қойыпты, деп хабарлайды AsiaOne басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Зейнеткердің үйін бұзу туралы шешім қабылданғанда, қария мүрдені тастап кетіп қалған. Мәйітті үйді тексеріп жүрген жұмысшылар көріп, бірден полицияға хабарласады. Мұнан кейін Ёсихиса тұтқындалады.

Анықталғандай, әйелдің тірі кезінде оның тұлғасын куәландыратын құжаттары болмаған екен. Ол некесін ресми тіркемеген және Ёсихисаның зейнетақысына өмір сүрген.


Новости партнеров