|
28.12.2018 | 09:59
2254

Алматыда жедел жәрдем көлігі ірі жол апатына ұшырады

Алматыда жедел жәрдем көлігі ірі жол апатына ұшырады

Алматыда жедел жәрдем көлігі ірі жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды «СТВ» телеарнасына сілтеме жасап kaz.tengrinews.kz ақпараттық агенттігі.

Жол-көлік оқиғасы Розыбакиев көшесінде болған. Куәгерлердің айтуынша, жолдың нашар көрінуіне байланысты жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі бұрылмақ болғанда Audi көлігін байқамай қалған. Нәтижесінде Audi жүргізушісі қарсы жолаққа қарай ұшып кеткен.

Жүргізушілер жол апатын тіркеуді күтіп тұрғанда SsangYong көлігі келіп жедел жәрдем көлігін соғып кетіп, артынша Lada көлігімен соғысқан. Жол апаты салдарынан Audi, SsangYong және Lada жүргізушілері, сондай-ақ, фельдшер зардап шеккен. Полиция жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Алматыда жедел жәрдем көлігі ірі жол апатына ұшырады.







Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир