1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақының тағайындау тәртібі өзгереді

25.06.2018 17:25

Келер айдан бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері өзгереді. Енді зейнеткерлерге мемлекеттен берілетін 15 мың теңге көлеміндегі базалық зейнетақының мөлшері, еңбек өтілі мен зейнетақы жүйесіне қатысу мерзіміне тәуелді болады. Азаматтардың зейнетақысы қалай есептеледі? Табан тоздырып, құжат өткізудің қажет бар ма? Жаңа өзгерістерді толығырақ айтып беру үшін Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Айдынжан Нарматов мырза студиямен тікелей байланысқа шыққалы тұр. Айдынжан Жаңабердіұлы, сіз байланыстасыз. Алғашқы сауал. Базалық зейнетақыны қайта есептеуге байланысты қандай өзгерістер күтіледі және ол барлық адамдарға әсер етеді ме?

- Қайырлы кеш Өмір! Сұрағыңызға рахмет! Осы ағымдағы жылдың бірінші шілдесінен бастап базалық жиындағы тағайындау тәртібі өзгеріп жатыр. Егерде бүгінгі таңда зейнеткерлердің барлығы базалық зейнетақы алатын болса, оның мөлшері 15274 теңгені құрайды енбек өтіліне қарамастан. Енді осы бірінші шілдеден бастап, базалық зейнетақының мөлшері азаматтың еңбек өтіліне байланысты болады. Оның 1998 жылдың қаңтарына дейінгі еңбек өтілі және де 1998 жылдан бастап зейнетақы жинақтау кезеңінде қатысқан кезеңі есептелетін болады. Енді бұл жерде адам неғұрлым көп жұмыс істесе, соғұрлым оның базалық зейнетақы мөлшері көп болады. Мынау жинақтаушы зейнетақысы мен бюджет есебінен берілетін базалық зейнетақы. Енді мысал келтіретін болсақ, егерде азаматтың жалпы еңбек өтілі 33 жыл немесе одан да көп құрайтын болса, оның базалық зейнетақысы 28284 теңгені құрайтын болады. Немесе айтқанда ең төменгі  күн көріс деңгейінің 100 пайызын құрайтын болады. Егерде азаматтың еңбек өтілімі 10 жыл немесе мүлдем болмаған жағдайда, оның базалық зейнетақысы 15274 теңгені құрайтын болады. Және де әрбір 10 жылдан асқан 1 жылға базалық зейнетақы 2 пайызға көбейіп отыратын болады,-деді Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің алматы қаласы бойынша департаменті басшысы Айдынжан НАРМАТОВ.

Демек базалық зейнетақының ең аз мөлшері 15 мың теңге болады ғой? Және ол барлық азаматтарға тағайындала ма?

- Иә. Жаңағы айтқандай ең төменгі зейнетақы 15274 теңгені немесе ең төменгі күн көріс деңгейінің 54 пайызын құрайтын болады. Енді бүгінгі таңда базалық зейнетақы барлық азаматтарға зейнетақы жасына жеткен кезде түгелдей тағайындалады. Базалық зейнетақының қайта есептеуі толықтай бүгінгі таңда бітті. Алматы қаласы бойынша 2208 мыңнан астам базалық зейнетақы алатын зейнеткер бар. Есеп бойынша солардың 60 пайызыдан көбі еңбек өтілімі 33 жылды құрайды. Айтатын болсақ олардың зейнетақысы 28284 теңгені құрайды.


Жаңа өзгерістерге сәйкес зейнеткерлер қандай құжаттарды ұсынуы керек және бұл мақсаттарға қанша қаражат бөлінді?

- Базалық зейнетақыны қайта есептеу үшін зейнеткерлерге қайтадан барып, Халыққа қызмет көрсету орталығына барып ешқандай құжаттың қажеті жоқ. Зейнеткерлердің барлық құжаттары біздің зейнеткерлік істе бар және біздің орталықтандырылған базада түгелдей бар. Сол арқылы бүгінгі таңда толықтай есеп жүргізіліп қойды. Ешқандай келіп қосымша құжат тапсырудың қажеті жоқ. Бұл жұмыс тегін жүргізіледі ешқандай қаражаттың қажеті жоқ.

Осы зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға болады ма?

-  Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын биылдан бастап, зейнетақы жинақтаушы қорына әр азамат жұмыс істеген кезде 10 пайыз жарналар аударып отырады. Егер де оның жарналары 12 пайыз, ең төменгі зейнетақыдан аспайтын болса 12 есесінен ол бір ретте толық жиналған жарналарын алуға болады. Оның көлемі 404 мыңнан аспауы керек. Сол жағдайда ол бір ретте барлық жиналған жарнадан алуына мүмкіндігі бар. Егер одан асқан жағдайда ол ай сайын беріліп отырады. Ай сайын беріліп отыратын жаңағы берілетін зейнетақы қорынан ең төменгі мөлшері 15 мың 274 теңге.

Рақмет!

Айдана Мейрамбайқызы, Алматы телеарнасы.