Гүлжан Сәрсенбаева – балалар дәрігері, кардиохирург. Қазіргі таңда ҚР ДСМ Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының кардиохирургия және интервенциялық кардиология кафедрасының меңгерушісі болып қызмет етеді. Ол 1975 жылы Алматы облысы Талғар қаласында дүниеге келген. С.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетіде білім алған. 2005 жылы «Болашақ» бағдарламасы аясында Мәскеу қаласында «балалар кардиохирургиясы» мамандығы бойынша аспирантураны бітірген. Ең алғашқы қызмет жолын 1992 жылы Талғар орталық аудандық ауруханасында ота-медбикесі ретінде бастаған.
2011 жылдан бастап педиатрия орталығы базасында кардиохирургия бөлімшесін ұйымдастыруға қатысып, 2012 жылы балалар кардиохирургиясы және интервенциялық кардиология бөлімін ашқан. Бұл жерде жыл сайын жүрек-қан тамырларына 500-ден астам ота жасалады.
Гүлжан Сәрсенбаева ҚР өңірлерінде туа бітті жүрек ақауы терапиясы мен диагностикасы мәселесі бойынша шеберлік сабақтарын өткізіп тұрады.
«Елімізде өмір сүру сапасы деңгейіне аса көңіл бөлініп отыр. Жалпы алғанда, Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы тек студенттердің ғана емес, тұтас халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған. Әрбір қазақстандық осыған қарап өзінің болашағын бағдарлай алады деген ойдамын».