«100 жаңа есім»: бионикалық протез ойлап тапқан 23 жастағы жігіт

«100 жаңа есім»: бионикалық протез ойлап тапқан 23 жастағы жігіт
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылық студенттер «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бионикалық протез ойлап тапқан Мәулен Бектұрғановпен кездесті. Өйткені, 23 жастағы жігіттің аты еліміздің «100 жаңа есіміне» кірген. Қазір жекеменшік компанияны басқарып отырған ол 3 протез сатып үлгеріпті. Алда тағы 20 шақты науқас тапсырыс беріп қойған. Протездің ерекшелігі сол, отандық өнімнің бағасы өзгелерге қарағанда қолжетімді. Ал бүгін бір күнде аты елге танымал болған Мәулен жастармен жобасы жайлы пікір алмасты.

«Біріншіден, оның бағасы және оның географиялық қолжетімділігі. Біз протездерді Алматыда жасаймыз. Шетелде емес. Қазір Ресейде де көп. Шетелде Ұлыбритания. Бірақ адамдар протезді алу үшін ол жерге бару керек. Бізде де бәрі осында. Адамдар келе алады. Размерлерді шеше аламыз», - деді  өнертапқыш Мәулен БЕКТҰРҒАНОВ.


Новости партнеров