"Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпазы - Тимур Рыспеков

26.02.2018 23:30

Тимур Рыспеков - жас өнертапқыш, физика, информатика, математика саласындағы 28-ден астам патент пен авторлық құқықтың иесі.

Ол 1999 жылы дүниеге келген.  Алматы қаласындағы М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейде білім алған.

Күнделікті жұмысына қолданатын қосалқы бөлшектерді «Тастақ» базарынан алып отқан.

Ол 8-сыныптың ортасынан бастап оқуын Канада жалғастырды.

Сондай-ақ, MIT және Стэнфорд универсетитетінде онлайн түрде сабақ алды. 

Тимур 2015 жылы «Microsoft DreamSpark» бағдарламасының, 2016 жылы «Skolkovo Startup Tur» бай­қауының еуразиялық кезеңінің жеңімпазы атанған.

Жас өнертапқыш «RIT Language» деген қазақша бағдарламалау тілін ойлап тапты

Цитата

«Мен өзімнің жаңа жобаларым арқылы өз еліме ғана емес, бүкіл адамзатқа көмегімді тигізгім келеді. Менің ойымша, өмірдің мәні – адамзат тарихында өз қолтаңбаңды қалдыру, әлемді жақсы жағына өзгертуге қандай да болса үлес қосу. Мен ойлап тапқан жаңа технологиялар жаһандық мәселелерді шешуге арналған».