«100 жаңа есімге» енген опера әншісі және әскери қызметші

«100 жаңа есімге» енген опера әншісі және әскери қызметші
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары тың белестерді бағындыруда. Ел есінде екі баланы «Көкжиек» шағын ауданындағы көпқабатты өртке оранған үйден аман алып шыққан ефрейтор Ғалымжан Әлеуханов отбасын құрса, «Астана опера» театрының солисі Медет Шотабаев шетелдік сахнаны мойындатты. Қазақстандық тенор «Италия Жұлдызы» орденін иемденді.

Семейдың тумасы, опера әншісі Медет Шотабаев бала кезінде өлең айтуға ұялғанын бірі білсе, бірі хабарсыз. Жақында отандасымыз Қазақстан мен Италия арасындағы мәдени байланысты нығайту жолында ерен еңбегі үшін марапат алды. Тәуелсіз еліміздің тарихында үшінші қазақстандықтың төсіне «Италия Жұлдызы» ордені тағылды.Джузеппе Верди, Гаэтано Доницетти, Джакомо Пуччини сынды мықтылар операсында партияларын орындайтын Медет «командор» дәрежесіне ие болған алғашқы жерлесіміз. Жарты ғасырдан астам тарихы бар марапат шетелдіктерге арналған жоғары ілтипат белгісі.

«Күтпеген жағдай болды. Менің өнерім мен еңбегімінің бағаланғаны қуантады. «Италия Жұлдызы» атануым елім мен жерімнің де үлкен себебі бар. Сондықтан тек көрермен және отандастарымыщ үшін шыңдалуға, өсуге, әлемге танылуға әрқашан асықпыз», - деді «Астана Опера» опера және балет театрының солисі Медет ШОТАБАЕВ.

Ресей, Қытай, Беларусь, Бразилия, Франция, Финляндия, Румынияда өнер көрсеткен жерлесіміз жақында ғана Братиславадан оралды. Ол Словакия ұлттық театрының сахнасында Джузеппе Вердидің «Травиата» операсында партия орындады. Оның өнеріне жергілікті қауым ұзақ қолпаштап, сахнадан жібергісі келмеген. Медет Шотабаев «100 жаңа есім» атануын, орденін өнер шыңын бағындырудағы алғашқы қадамдарым дейді.

«100 жаңа есім» үлкен жоба. Оның ақтық мәресіне жету де мен үшін мақтаныш. Қазір біздің Президентіміз өнер саласына аса көп назар аударады. Осы жоба соның бір белгісі ғой. Алдағы уақытта осындай қолдау, сенімнің арқасында талай биіктерді бағындыратыныма сенімдімін», - деді «Астана Опера» опера және балет театрының солисі Медет ШОТАБАЕВ.

Ал нөмірі 61993 әскери бөлімі десанттық-шабуылдау батальонының ефрейторы Ғалымжан Әлеуханов нағыз батыр. Жауынгерлік кезекшіліктен шығып, үйіне бет алған ефрейтор бес қабатты үйдегі пәтерлердің бірінің терезесінен шыққан будақтаған түтін мен отты көріп қалады. Дереу оқиға орнына жеткен ол өрт сөндіру сатысымен үйдің шатырына шығып, бір пәтерден ес-түссіз жатқан екі баланы сыртқа алып шыққан. Әскери маман жасағанын ерлік деп санамайды. Тек адамдар оқыс оқиғада сырттай тамашаламай, қолынан келгенше көмектессе дегенді алға тартады.

«Ол жерде 200-300 астам адам болды. Қаншама жастар болды. Неге барлығы тұрып, біреуі, намысты қазақтың жігіттері ішке кірмеді? Неге қолын созып бармасқа? Барлығының екі қолдарында ұялы телефон, сурет-видеоға түсіріп тұрды. Сол сәтте өзімді ұстай алмай, өрт шығып жатқан пәтерге қарай бағыт алдым», - деді № 61993 әскери бөлімі  десанттық-шабуылдау батальонының ефрейторы Ғалымжан ӘЛЕУХАНОВ.

Қазіргі кезде екі құтқарылған баланы жас әскери қызметші бауырындай көріп кеткен. Отбасымен тығыз араласады. Ғалымжанның үйлену тойына да «жаңа туыстары» арнайы қонақ болып келген. Заманымыздың батыры бұндай жағдайлар болмасын, қиын сәтте кез келген жанға жанымды аямай, көмек көрсетуге дайынмын дейді.  Елбасының «Рухани жаңғыру»: «Болашаққа бағдар» мақаласындағы «100 жаңа есім» жобасы Медет пен Ғалымжандай отанының нағыз  патриоттарын  атын асқақтату үшін қолға алынғаны анық.         


Новости партнеров